Борис Лузин жайлы

Қазақстанда дүниеге келді. Қазақстанда және Ресейде білім алған. Өз бизнесін дамыта отырып, екі қалада жұмыс орындарын құрып келеді.

Н. Тура қаласындағы Исовский геологиялық барлау техникумын тәмамдаған.

Свердловск тау-кен институтының және Мәскеу тау-кен институты арнайы факультетінің түлегі. Экономика ғылымдарының докторы.

Борис Лузин өзінің қызмет сатысы арқылы еңбек қызметінің барлық кезеңдерінен өтті: техник-оператордан, шахта бастығынан, «ҚазАлтын» комбинатының бас инженерінен,«Юбилейное» ЖШС Директор кеңесінің төрағасынан «ABS Group» компаниялар тобының негізін салушы және жер қойнауын пайдалану, ауыл шаруашылығы, құрылыс, медицинада және т.б. 15-тен астам компанияның Жалғыз құрылтайшысына дейін қызметтер атқарды.

Жедел қызмет сарбазының марапатталуы сирек болатын оқиға. Борис Лузин, әскери қызметін өтеп жүрген кезінде (1969-1971 жж.) «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Әрбір геолог мына марапаттың да құндылығының жоғары екенін жақсы біледі: 2001 жылы Б.С. Лузин «Қазақстан Республикасының кен орнын алғаш ашушы» дипломымен және төс белгісімен марапатталды.

Бұл кәсіби әлемдегі баға жетпес марапат кен орнын ашқаны үшін берілді.Бұл Борис Степанович үшін басқа да медальдар және атақтармен қатар, ең қымбат марапат болды.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күн қарсаңында, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, ұзақ мерзімді және табысты қызыметте  сіңірген еңбегі үшін, «Қазақстан құрметті азаматы» орденімен, және «Қазақстанның құрметті азаматы» қысқа қанжармен Лузин Борис Степанович марапатталды.

Борис Степанович – бокстан спорт шебері. Ол салауатты өмір салтын ұстанады, соған үнемі барлық әріптестерін, достарын және таныстарын үндейді!

Лузин Б.С. – тамаша қамқор әке және де отбасын табиғаттың бір жауһары деп санайды.

Ал өзінің өмірін велосипед тебумен салыстырады: тепе-теңдікті сақтау үшін сен қозғалыста болуың керек!

Ол үнемі табысқа жетуге ұмтылады.Олай болмаған жағдайда, сен көбіне жеңіліске ұшырайсың.

Борис Степанович өмірді әрбір адам өзі үшін жазатын ертегіге теңейді.

Б.С. Лузиннің ойлауы өте қызықты және бірегей. Мысалға, ол, адам ең үздік сабақты қателік жібергенде алады деп есептейді. Ал өткеннің қателігі – болашақтың даналығы!

Келіспеуге болмайды!

Ақтөбе облысында Б.С. Лузин Алтынды деп аталатын тұтас бір ауылды құрды, онда өз мектебі, балабақшасы, жатақханасы, мейрамханасы және мамандар мен қызметкерлер үшін коттедж бар. 

Ақмола облысы Жарқайың ауданы Шойындыкөл ауылында (бұрынғы Титово) Лузин Борис Степанович ауыл тұрғындарына жаңа жыл қарсаңында тамаша сый ұйымдастырды – өз қаражатына халықтың көптеген жылдар бойы күткен ұялы байланысты сыйға тартты!